Ақпараттық жүйеге тіркеу куәліктерін алу

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы ақпараттық жүйелерге тіркеу куәліктерін шығаруды іске қосады. Енді Ақпараттық жүйелер басқа ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасау үшін «Жеке тұлғаның ақпараттық жүйесі»  және «Заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі» үлгісі  бойынша шығарылған тіркеу куәліктерін пайдалана алады. Тіркеу куәлігінде ақпараттық жүйенің атауы және ақпараттық жүйе иесінің деректері болады.

Ақпараттық жүйе үшін тіркеу куәлігін алуға өтінім беру жеке тұлғаның не заңды тұлғаның бірінші басшысының жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

2016 жылғы 17 наурыздағы № 281 «Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына» сәйкес Объектілік сәйкестендіргішті, сәйкестендіргішті (OID) алып, ақпараттық жүйеңізді алдын ала тіркеңіз – adilet.zan.kz. Егер сіздің ақпараттық жүйеңіз Объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментінде тіркелген болса, заңды тұлға/жеке тұлға – ақпараттық жүйенің иесі туралы ақпараттың, сондай-ақ ақпараттық жүйенің атауының өзекті екеніне көз жеткізіңіз.

OID берілгеннен кейін сіздің ақпараттық жүйеңіз тіркеу куәлігін шығаруға өтінім беру үшін жеке кабинет арқылы қолжетімді болады.