SSL сертификатын кері қайтарып алу

Жеке тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

    • интернет — ресурстың домендік атауының иесі-жеке тұлғадан ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
    • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
    • көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға және сенімхатта айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қоюға уәкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды.

Заңды тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

    • заңды тұлғаның мөрімен расталған (ол болған жағдайда) интернет — ресурстың домендік атауы иесі-заңды тұлғадан ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді көшірмесі. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді ұсынылған жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
    • көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
    • заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір жолғы алуға немесе кері қайтарып алуға сенімхат.

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) жүгінбестен, жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алу қажет.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарып алған жағдайда, құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚО) ұсынылмайды.