Ұғымдар мен қысқартулар


ҚР ҰКО «Электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы
ҚР НКО Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы.
ЭЦҚ Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы
Тіркеу куәлігі (Сертификат) Электрондық цифрлық қолтаңбаның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін ҚР ҰКО-мен берілетін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат
Қорғалған жеткізгіш Деректерді шифрлау үшін мамандандырылған контроллерді пайдаланумен ақпаратты тікелей жинақтауышқа жазған кезде орындалатын ақпаратты қауіпсіз сақтау құрылғысы. Ақпаратқа қолжетімділік үшін пайдаланушы жеке парольді көрсетуі тиіс
ОЖ Операциялық жүйе – компьютердің ресурстарын басқару және пайдаланушымен өзара іс-қимыл ұйымдастыру үшін арналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені
ДК Дербес компьютер
Веб-қосымша Клиент браузер арқылы сервермен әрекеттесетін клиент-серверлік қосымша,ал серверге веб-сервер жауап береді.

Жүйелік талаптар


Пайдаланушының компьютеріне қойылатын ең төмен талаптар:

Браузер: Internet Explorer 10+, Firefox 4+, Opera 10+, Google Chrome 4+, Safari 5+;

NCALayer (соңғы нұсқа);

Операциялық жүйе: Windows 7/8/10, Linux, OS X 10.