Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру


Браузерді іске қосыңыз және мекенжай алаңында pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады.

1

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз, «Заңды тұлғалар» бөліміне кіріңіз. Пайда болатын мәзірден «Қазынашылық-Клиент АЖ қатысушы» тармағын таңдаңыз.

Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беріңіз» батырмасын басыңыз.

2

Одан әрі пайдаланушы келісімімен танысыңыз, қанат белгісін қойыңыз және «Енгізу» батырмасын басыңыз.

4

Ашылған терезеге БСН және суреттегі кодты енгізіңіз, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

5

ЗТ МДҚ базасымен енгізілген БСН сәтті тексергеннен кейін «Ұйым атауы» алаңында ұйымның тіркелген атауы көрсетіледі.

Одан әрі ЖСН енгізіңіз және «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

3

6

ЖТ МДҚ базасымен енгізілген ЖСН сәтті тексерілгеннен кейін Сіздің ТАӘ туралы деректер автоматты түрде толтырылады.

Содан кейін «E-mail» алаңына (бұл алаң міндетті емес) өзінің электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет. Осы электрондық пошта мекенжайына Сізге ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсынуға арналған өтініш жіберіледі.

Назар аударыңыз! «E-mail» алаңын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, сәтті тіркеу туралы хабарлама сіздің электрондық мекенжайыңызға келіп түспейді.

Одан әрі іздеу белгісіне басып, «Рөлін» көрсетіңіз.

7

Одан әрі берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы ретімен көрсетіңіз.

ММ/КСС алаңына ММ/КСС тіркелген кодын енгізіңіз.

Содан кейін, тізімнен «Кілттерді сақтау орны» түрін таңдау қажет - Дербес компьютер, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey.

Одан әрі кілттерді сақтау орнына жету алаңын таңдаңыз. Тізімдегі қорғалған жеткізгіштерді пайдаланған жағдайда, бағдарлама компьютерге қосылған құрылғыларды өзі тауып, сізге ұсынады.

9

Сақтау орны ретінде «Дербес компьютер» таңдалған жағдайда, «Кілттерді сақтау орнына дейінгі жол» алаңында кілтті контейнерлер (жабық кілттер) құрылатын папканы көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» кілттерді сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне нұқсан келу тәуекелін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпарат жеткізгішті қолдануды ұсынамыз.

10

Одан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

12

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

12

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінімді Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз

Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютерде жабық кілттер қалыптастырылды. Өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы папканы ашып, олардың бар болуына көз жеткізе аласыз.

15

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда) өтініміңіздің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді. ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізу үшін жауапты болмайтынын атап өтеміз. Хабарлама болмаған жағдайда спам папкасын тексеріңіз, көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз немесе почталық серверіңіздің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Сұрау салуды жібергеннен кейін өтінімді ұсынған күнінен бастап 1 айдың ішінде бекітілген құжаттар пакетімен Тіркеу орталығына жүгіну қажет. Сіз көрсетілген кезеңде өтінімді Тіркеу орталығында растамаған жағдайда өтінім жойылады. Құжаттардың қажет тізімімен ресми сайтта таныса аласыз.


Өтінімнің статусын тексеру және тіркеу куәліктерін орнату


Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін өтінімнің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Тапсырыс статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

16

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» алаңына өтінім берген кезде Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз.

17

Сізге Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады, одан Сіз өтінімнің ағымдағы мәртебесін көре аласыз.

«Өтінімнің мәртебесі» алаңында берілген өтінімнің өту кезеңі көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде - «Тіркеу куәліктері (сертификаттар) өтінім бойынша шығарылды» мәртебесі көрсетілетін болады.

18

Тіркеу куәліктерін орнату үшін жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісін басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілттеріңізді сақтау орнын көрсетіңіз. Және «Ашу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Егер кілттердің шығарылуы қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіштердің біреуінде eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, Akey жүзеге асырылған жағдайда, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

19

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру алаңдары пайда болады. Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге пароль ойлап табыңыз және оны енгізіңіз. «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

20

Назар аударыңыз! Пароль латын әріптерінен және сандардан тұруы керек. Парольдің ұзындығы кемінде 6 таңбадан 32 таңбаға дейін болуы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл ЭЦҚ кілттерді кері қайтару қажет.

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген мәртебесі көрсетілген терезе ашылады.

21

Өтінішті ұсынған кезде көрсетілген папканы ашыңыз. Тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде папкада қолдануға дайын жабық кілттері бар екі тіркеу куәлігі болады.

22

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.