Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру


Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолында pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады.

1

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз, «Заңды тұлғалар – Бірінші басшы» бөліміне кіріңіз. Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беріңіз» батырмасын басыңыз.

2

Бұдан әрі пайдаланушылық келісіммен танысыңыз, белігіні қойып, «Енгізу» батырмасын басыңыз.

3

Ашылған терезеде БСН және суреттегі кодты енгізіңіз, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

4

ЗТ МДҚ қорымен енгізілген БСН сәтті тексерілгеннен кейін Сіздің ТАӘ туралы деректер автоматты түрде толтырылады.

Кейін «E-mail» алаңына (бұл алаң міндетті емес) өз электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет. Осы электрондық пошта мекенжайына Сізге ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсыну үшін өтініш жіберіледі.

Назар аударыңыз! «E-mail» алаңын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, Сіздің электрондық мекенжайыңызға сәтті тіркеу туралы хабарлама келіп түспейді.

Берілген өтінім расталатын жерде облыс пен қаланы ретімен көрсетіңіз.

5

6

Содан соң, тізімнен «Кілттерді сақтау орны» түрін таңдау қажет – Дербес компьютер, eToken PRO 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey. Казтокенге арналған белгілі пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), JaCarta: 1234567890.

Назар аударыңыз! Дербес компьютер» кілттерді сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне нұқсан келу қатерін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізгішті қолдануды ұсынамыз.

Бұдан әрі кілттерді сақтау орнына жету жолын таңдаңыз. Тізімдегі қорғалған жеткізгішті пайдаланған жағдайда, бағдарлама компьютерге қосылған құрылғыларды өзі табады немесе Сізге оны қосуды ұсынады.

7

Сақтау орны ретінде «Дербес компьютер» таңдалған жағдайда, «Кілттерді сақтау жолы» алаңында кілтті контейнерлер (жабық кілттер) құрылатын папканы көрсетіп, «Ашу» батырмасына басыңыз.

Тіркеу орталығының операторы өтінімді растағаннан кейін жабық кілттері бар папкаға тіркеу куәліктері орнатылады.

8

Бұдан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

9

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінімді Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз.

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

10

Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютеріңізде жабық кілттер қалыптастырылды, олардың бар болуына өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы папканы ашып, көз жеткізе аласыз.

11

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда), сондай-ақ Сіздің өтінімнің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді. ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізу үшін жауапты болмайтынын атап өтеміз. Хабарлама болмаған жағдайда спам папкасын тексеріңіз, сондай-ақ көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз, не Сіздің пошталық серверіңіздің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Сұрау салуды жібергеннен кейін өтінімді берген күннен бастап 1 айдың ішінде Сізге қажетті құжаттар пакетімен Тіркеу орталығына жүгінуіңіз қажет. Егер Сіз көрсетілген кезеңде өтінімді Тіркеу орталығында растамаған жағдайда өтінім жойылады. Құжаттардың қажетті тізімімен Сіз ресми сайтта таныса аласыз.


Өтінімнің статусын тексеру және тіркеу куәліктерін орнату


Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін Сіздің өтінімнің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Тапсырыс статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

12

Ашылған терезеде «Өтінім нөмірі» алаңында өтінім берген кезде алынған бірегей өтінім нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» бастырмасына басыңыз.

13

Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады.

«Өтінімнің мәртебесі» алаңында берілген өтінім қандай сатыда екені көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде – «Тіркеу куәліктері (сертификаттар) өтінім бойынша шығарылды» мәртебесі көрсетілетін болады.

14

Тіркеу куәліктерін орнату үшін Сіздің жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісін басыңыз. Өтінімді берген кезде қалыптастырылған Сіздің жабық кілттеріңізді сақтау орнын көрсетіңіз. Және «Ашу» батырмасына басыңыз.

Назар аударыңыз! Егер кілттердің құрылуы қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіштердің біреуінен шығарылған жағдайда: eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

15

Дербес компьютерді кілттерді сақтау орны ретінде пайдаланған жағдайда –парольді толтыру алаңдары пайда болады. Сіздің ЭЦҚ кілттеріңізге пароль ойлап және оны еңгізіңіз.

Назар аударыңыз! Пароль латын әріпбесінен және сандардан қамтылуы тиіс. Парольдің ұзындығы 6 таңбадан 32 таңбаға дейін болуы керек. Сонымен қатар, пароль өзінде келесілерді қоса алады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

16

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, аталған ЭЦҚ кілттерін кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар орнатылды» деген мәртебесімен көрсетілген терезе ашылады.

17

Өтінішті берген кезде көрсетілген папканы ашыңыз. Тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде папкада қолдануға дайын жабық кілттері бар екі тіркеу куәлігі болады.

18

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде проблемалар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз.