SSL тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру


Браузерді іске қосыңыз және мекенжай алаңында pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады.

1

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз, «SSL Сертификаты – Заңды тұлғалар үшін» бөліміне кіріңіз.

Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беріңіз» батырмасын басыңыз.

2

Бұдан әрі пайдаланушылық келісіммен танысыңыз, қанат белігісін қойып, «Енгізу» батырмасын басыңыз.

3

Ашылған терезеге БСН және суреттегі кодты енгізіңіз, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

4

БСН сәтті тексергеннен кейін ЖСН енгізу қажет.

5

БСН және ЖСН сәтті енгізгеннен кейін SSL тіркеу куәлігін шығаруға өтінім беруге арналған үлгі ашылады.

6

Содан кейін «E-mail» жолына (бұл жол міндетті емес) өз электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет. Осы электрондық пошта мекенжайына Сізге ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсынуға арналған өтініш жіберіледі.

Назар аударыңыз! «E-mail» жолын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, өтінімнің нөмірі көрсетілген сәтті тіркеу туралы хабарлама Сіздің электрондық мекенжайыңызға келіп түспейді.

Төменде берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы көрсетіңіз.

7

«Домендік атауы» міндетті алаңы келесі тармақ болып табылады. Осы алаңда осы SSL тіркеу куәлігі жасалып отырған Өзіңіздің домендік атауы көрсетілуі қажет.

«Сақтау орны» жолында кілтті контейнерге арналған сақтау орнын таңдаңыз.

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» кілттерді сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне нұқсан келу қатерін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізушіні қолдануды ұсынамыз.

«Дербес компьютер» сақтау орнын таңдаған жағдайда, «Кілттерді сақтау орны» алаңындағы кілтті контейнер (жабық кілт) жасалатын буманы көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

8

9

Одан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

10

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінімді Бірінші басшы мен Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз.

11

Өтініш бергеннен кейін Сіздің компьютерде жабық кілт қалыптастырылды. Өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы баманы ашып, оның бар болуына көз жеткізе аласыз.

12

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда) өтініміңіздің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді. ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізу үшін жауапты болмайтынына назар аударамыз. Хабарлама болмаған жағдайда спам папкасын тексеріңіз, көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз, немесе почталық серверіңіздің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Өтінімді бергеннен кейін, Сізге Сіздің ұйымыңыздың Бірінші басшысына осы өтінімді растау, одан кейін өтінімді берген күнінен бастап 1 айдың ішінде бекітілген құжаттар топтамасымен Тіркеу орталығына жүгіну қажет. Сіз көрсетілген кезеңде өтінімді Тіркеу орталығында растамаған жағдайда өтінім жойылады. Құжаттардың қажет тізімімен ҚР ҰКО ресми сайтта таныса аласыз.


Өтінімнің статусын тексеру және тіркеу куәліктерін орнату


Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін өтінімнің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Тапсырыз статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

13

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» алаңына On-line өтінім берген кезде Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз.

14

Сізге өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады, одан Сіз өтінімнің ағымдағы мәртебесін көре аласыз.

«Өтінімнің мәртебесі» жолында берілген өтінімнің өту кезеңі көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде – «Тіркеу куәліктері (сертификаттар) өтінім бойынша шығарылды» мәртебесі көрсетілетін болады.

15

Тіркеу куәліктерін орнату үшін іздеу белгісін басып, жабық кілтіңіз сақталған папканы көрсетіңіз.

Өтінімді берген кезде қалыптастырылған жабық кілтті сақтау орнын көрсетіңіз. Сонымен қатар «Ашу» батырмасын басыңыз.

16

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда - парольді толтыру жолдары пайда болады. Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап табыңыз.

Назар аударыңыз! Пароль латын әріптерінен және сандардан тұруы тиіс. Парольдің ұзындығы кемінде 6 таңбадан құралып 32 таңбадан аспауы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

18

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар орнатылды» деп өтінімнің мәртебесі көрсетілген терезе ашылады.

20

Өтінімді ұсынған кезде көрсетілген буманы ашыңыз. Тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде папкада пайдалануға дайын бір тіркеу куәлігі болады.

19

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.