SSL тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру


Браузерді іске қосыңыз және мекенжай алаңында pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады.

1

«ЭЦҚ кілттерін алу» мәзірін басыңыз. «Жеке тұлғаларға арналған SSL сертификаты»

Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беріңіз» батырмасын басыңыз.

2

Ашылған терезедегі келісіммен танысыңыз және келіскен жағдайда растау батырмасын басыңыз.

3

Ашылған терезеге суреттегі кодты және өз жеке сәйкестендіру нөміріңізді (бұдан әрі-ЖСН) енгізіңіз.

4

Одан әрі «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз. ЖТ МДҚ қорымен енгізілген ЖСН сәтті тексергеннен кейін, Сіздің Т.А.Ә туралы деректер автоматты түрде толтырылады.

Содан кейін «E-mail» алаңына (бұл жол міндетті емес) өз электрондық поштаңыздың мекенжайын енгізу қажет. Сізге осы электрондық пошта мекенжайына ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсынуға арналған өтініш жіберіледі.

Төменде берілген өтінім расталатын облысты және қаланы тізбектеп көрсетіңіз.

«Домендік атауы» міндетті жолы келесі тармақ болып табылады. Бұл жолда осы SSL тіркеу куәлігі жасалып отырған, өзіңіздің домендік атауыңыз көрсетілуі тиіс.

Назар аударыңыз! Сіздің мәліметтеріңіз ЖТ МДҚ қорында болмаған жағдайда, Сіздің қаладағы Әділет департаментінің құжаттандыру бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз!

Назар аударыңыз! «E-mail» жолын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, сәтті тіркелгені туралы хабарлама Сіздің электрондық мекенжайыңызға келіп түспейді.

5

«Кілттерді сақтау орны» алаңында «Дербес компьютер» немесе «Java кілттерін сақтау орны» сақтау орнын таңдаңыз. Жабық кілттер құрылатын папкіні көрсетіңіз.

6

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» кілттерді сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне нұқсан келу қатерін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізішті қолдануды ұсынамыз.

Одан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

7

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінімді Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз.

8

Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютеріңізде жабық кілттер қалыптастырылды. Өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы папкіні ашып, олардың бар болуына көз жеткізе аласыз.

9

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда) өтініміңіздің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді. ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізу үшін жауапты болмайтынын атап өтеміз. Хабарлама болмаған жағдайда, спам папкіні тексеріңіз, көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз, немесе почталық серверіңіздің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Сұрау салуды жіберген күннен бастап 1 айдың ішінде бекітілген құжаттар пакетімен Тіркеу орталығына жүгіну қажет. Сіз көрсетілген кезеңде өтінім Тіркеу орталығында расталмаған жағдайда, өтінім жойылады. Құжаттардың қажет тізімімен ресми сайтта таныса аласыз.


Өтінімнің статусын тексеру және SSL тіркеу куәліктерін орнату


Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін, өтінімнің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Тапсырыс статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

10

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» жолына өтінім берген кезде, Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасына басыңыз.

11

Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады.

«Өтінімнің мәртебесі» жолында берілген өтінімнің өту сатысы көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде – «Тіркеу куәліктері (сертификаттар) өтінім бойынша шығарылды» мәртебесі көрсетілетін болады.

12

Жабық кілттер бар папкаға жолды көрсетіңіз.

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру жолдары пайда болады. Өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап табыңыз.

Назар аударыңыз! Пароль латын әріптерінен және сандардан тұруы керек. Парольдің ұзындығы кемінде 6 символдан 32 символға дейін болуы тиіс. Сонымен қатар, парольге келесі таңбаларды қосуға болады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

13

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдерді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, бұл кілттерді кері қайтару қажет.

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін, өтінімнің «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген мәртебесі көрсетілген терезе ашылады.

14

Өтінішті ұсынған кезде көрсетілген папкіні ашыңыз. SSL тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде папкіде қолдануға дайын жабық кілті бар 1 тіркеу куәлігі болады.

15

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.