Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім беру


Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолында pki.gov.kz теріңіз. Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының басты парағы пайда болады.

1

«ЭЦҚ кілттеріін алу» мәзіріне басыңыз, «Заңды тұлғалар» бөліміне кіріңіз. Түсетін мәзірден тіркеу куәлігінің қажетті үлгіні таңдаңыз.

Ашылған терезедегі ақпаратпен танысыңыз және «Өтінім беріңіз» батырмасын басыңыз.

2

Бұдан әрі пайдаланушылық келісіммен танысыңыз, белігіні қойып, «Енгізу» батырмасын басыңыз.

3

Ашылған терезеге БСН және суреттегі кодты енгізіңіз, «БСН тексеру» батырмасын басыңыз.

4

ЗТ МДҚ қорымен енгізілген БСН сәтті тексерілгеннен кейін «Ұйымның атауы» алаңына тіркелген ұйымның атауы шығады.

Содан кейін ЖСН енгізіп, «ЖСН тексеру» батырмасын басыңыз.

5

ЗТ МДҚ қорымен енгізілген ЖСН сәтті тексерілгеннен кейін Сіздің ТАӘ туралы деректер автоматты түрде толтырылады.

Кейін «E-mail» алаңына (бұл алаң міндетті емес) өз электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет. Осы электрондық пошта мекенжайына Сізге ЭЦҚ жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінімді беру аяқталғаннан кейін Сізге өтінімнің нөмірі мен Тіркеу орталығына ұсыну үшін өтініш жіберіледі.

Назар аударыңыз! «E-mail» алаңын мұқият толтырыңыз, егер Сіз қате жіберсеңіз, Сіздің электрондық мекенжайыңызға сәтті тіркеу туралы хабарлама келіп түспейді.

6

Төменде берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы ретімен көрсетіңіз.

7

Содан соң, тізімнен «Кілттерді сақтау орны» түрін таңдау қажет – Дербес компьютер, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, Akey. Казтокенге арналған белгілі пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72K), eToken 5110, JaCarta, AKey: 1234567890.

Назар аударыңыз! «Дербес компьютер» кілттерді сақтау орны қауіпсіз емес. ЭЦҚ кілттеріне нұқсан келу тәуекелін төмендету үшін қорғалған кілтті ақпаратты жеткізгішті қолдануды ұсынамыз.

Бұдан әрі кілттерді сақтау орнына жету жолын таңдаңыз. Тізімдегі қорғалған жеткізгішті пайдаланған жағдайда, бағдарлама компьютерге қосылған құрылғыларды өзі табады және Сізге оны қосуды ұсынады.

8

Сақтау орны ретінде «Дербес компьютер» таңдалған жағдайда, «Кілттерді сақтау жолы» алаңында жабық кілттер құрылатын папканы көрсетіп, «Ашу» батырмасын басыңыз.

9

Бұдан әрі «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.

10

Келесі терезеде өтінімнің нөмірі пайда болады.

Назар аударыңыз! Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз, ол Сіздің өтінішіңізді Тіркеу орталығында сәйкестендіру, сондай-ақ шығарылған тіркеу куәліктерін орнату үшін қажет.

Өтінішті Сіз үшін ыңғайлы форматта сақтаңыз және басып шығарыңыз.

11

Өтінімді бергеннен кейін Сіздің компьютерде жабық кілттер қалыптастырылды, олардың бар болуына өтінішті берген кезде Сіз көрсеткен жол арқылы папканы ашып, көз жеткізе аласыз.

12

Өтінішті сәтті ұсынғаннан кейін Сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда), сондай-ақ Сіздің өтінімнің нөмірі көрсетілген ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді.

Маңызды! ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізген үшін жауапты болмайды. Ол жоқ болған жағдайда, спам папкасын тексеріңіз, көрсетілген мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз, не Сіздің пошталық сервердің сенімділігіне көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз! Өтінім берілгеннен кейін, Сізге заңды тұлғаның бірінші басшысының жеке кабинетінде берілген өтінімді растау үшін заңды тұлғаның бірінші басшысына жүгіну қажет.

Одан кейін өтінімді берген күннен бастап 1 айдың ішінде Сізге қажетті құжаттар пакетімен Тіркеу орталығына жүгіну қажет. Сіз көрсетілген кезеңде өтінімді Тіркеу орталығында растамаған жағдайда өтінім жойылады. Сіз қажетті құжаттардың тізімімен ресми сайтта таныса аласыз.


Өтінімнің статусын тексеру және тіркеу куәліктерін орнату


Өтінімді Тіркеу орталығында растағаннан кейін Сіздің өтінімнің статусын тексеру функционалын пайдаланыңыз.

Ол үшін «Тапсырыс статусын тексеру» бөліміне өтіңіз.

13

Ашылған терезедегі «Өтінім нөмірі» алаңына Online өтінім берген кезде Сіз алған өтінімнің бірегей нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз.

14

Сіздің өтініміңіз туралы ақпарат ұсынылады.

«Өтінімнің мәртебесі» алаңында берілген өтінімнің қандай сатыда екені көрсетіледі.

Тіркеу куәліктері сәтті шығарылған кезде – «Тіркеу куәліктері (сертификаттар) өтінім бойынша шығарылды» мәртебесі көрсетілетін болады.

15

Тіркеу куәліктерін орнату үшін Сіздің жабық кілттеріңіз сақталған папканы көрсетіңіз және іздеу белгісіне басыңыз. Өтінімді берген кезде Сіздің қалыптастырылған жабық кілттеріңізді сақтау орнын көрсетіңіз. «Ашу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Егер кілттердің құрылуы қолдау көрсетілетін қорғалған жеткізгіштердің біреуінен шығарылған жағдайда: eToken 72K, eToken 5110, JaCarta, Kaztoken, AKey, тіркеу куәліктерін орнатқан кезде құрылғыны алдын ала компьютерге қосыңыз.

16

Кілттерді сақтау орны ретінде Дербес компьютерді пайдаланған жағдайда –парольді толтыру алаңдары пайда болады. Сіздің ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап, оны еңгізіңіз және «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Пароль латын әріптерінен және сандардан тұруы керек. Парольдің ұзындығы 6 таңбадан 32 таңбаға дейін болуы керек. Сонымен қатар, пароль өзінде келесілерді қоса алады: жоғарғы регистрлі латын әріптері және арнайы таңбалар «#$^+=!*()@% &_?-.».

17

Көрсетілген парольді міндетті түрде есте сақтаңыз! Пароль қалпына келтірілмейді! ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды және пароль жоғалған жағдайда, аталған ЭЦҚ кілттерін кері қайтару қажет.

Тіркеу куәліктерін орнатқаннан кейін өтінімнің «Сертификаттар сәтті орнатылды» деген мәртебесі көрсетілген терезе ашылады.

18

Өтінішті ұсынған кезде көрсетілген папканы ашыңыз. Тіркеу куәліктерін алудың барлық кезеңдерінен сәтті өткен кезде папкада қолдануға дайын жабық кілттері бар 2 тіркеу куәлігі болады.

19

Тіркеу куәліктерін алу сәтті аяқталды.

Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны бойынша техникалық қолдауға немесе support@pki.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.