Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Қазынашылық – клиент» АЖ қатысушылары үшін ЭЦҚ кілттерін алу»

«Қазынашылық – клиент» АЖ қатысушылары үшін ЭЦҚ кілттерін алу»
Қашықтан сәйкестендіру бойынша «Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушылары үшін тіркеу куәліктерін берудің тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз. «Қазынашылық-Клиент» АЖ арналған тіркеу куәліктерін алу үшін онлайн өтінім берiп тиісті құжаттар пакетімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на (ХҚКО) жүгіну қажет.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 06 маусымдағы сағат 21:00-ден бастап 07 маусым сағат 05:00-ге дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.

Техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2020 жылғы 19 мамырда сағат 00:00-ден бастап сағат 02:00-ке дейінгі аралықта ҚР ҰКО қызметтерінің жауап беруін күту уақытының асуы ықтимал.

Заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі

COVID-19 коронавирусты таратудың әлеуетті көздері ретінде ақпаратты қағаз жеткізгіштердің айналысынан бас тарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-на (ХҚКО) бармай-ақ заңды тұлға үшін SSL сертификатын алу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

SSL сертификатын алу үшін өтінім беру қажет, ал оны заңды тұлғаның бірінші басшысы – домендік атаудың иесі растауы қажет. SSL сертификатын алуға өтінімді Бірінші басшы растағаннан кейін өтінім бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Кілттік ақпаратты жеткiзгiштердi қолдану

Қашықтан сәйкестендіру бойынша жеке басын растау арқылы кілттік ақпаратты жеткiзгiштерге (E-token, Kaztoken, Akey, JaCarta және жеке куәлік) ЭЦҚ кiлттерiн жазу мүмкіндігі іске асырылды.