ЭЦҚ кілтін ХҚКО арқылыалу

Жеке тұлға үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Жеке тұлға үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

  • көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • ҚR ҰКО тіркеу куәлігін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат және көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіру кезінде – сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Заңды тұлғаның бірінші басшысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
Қол қою құқығымен қызметкер үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Заңды тұлға қызметкері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының  жеке басын куәландыратын құжат.
Мекеме қызметкері үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

Заңды тұлға қызметкері үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
«Қазынашылық-Клиент» АЖ қатысушысы үшін тіркеу куәлігін алу тәртібі

«Қазынашылық — клиент» АЖ қатысушысы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі»:

  • өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өтінім берушінің қолы бар өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Назар аударыңыз! Тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім берер алдында «Қазынашылық – Клиент» АЖ-мен жұмыс істеу үшін қосымша құжаттамамен танысыңыз.

Жеке тұлға үшін SSL сертификатын алу тәртібі

Жеке тұлғаның SSL сертификатын алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК-не (ХҚКО) ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • бірегей нөмірі мен өтініш берушінің қолы бар өтінім берілгеннен кейін қалыптастырылған өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

Өтінім берілгеннен және құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет МК» (ХҚКО) ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушыға домендік атаудың тиесілігін;
  • домендік атауды толтырудың дұрыстығын;
  • домендік атауды .KZ және .ҚАЗ аймақтарында тіркелуін тексереді.

Өтінімді сәтті тексерген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді растайды. Өтінім көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.